Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәскеуде QR-код қолдану жүйесі тоқталды

Мәскеуде QR-код қолдану жүйесі тоқталды

Мәскеу мэрі Сергей Собянинің сөзінше, Ресей астанасында QR код қолдану жүйесі тоқтатылады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Бүгін мен Мәскеуде 2022 жылдың 3 наурызынан бастап QR код қолдану тоқтатылатыны туралы жарлыққа қол қойдым», - деді қала мэрі ол өз блогында.

Омикрон ауруының тіркелуі мен ауруханаға жатқызудың көрсеткіштері төмендеуде. Бұл шаралардың айтарлықтай бөлігін жоюға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді Собянин.

Сондай-ақ, кафелер мен мейрамханаларға, театрлар мен мұражайларға, концерттік, ойын-сауық, мәдени, білім беру және спорттық іс-шараларға баруға барлық шектеулер алынып тасталады.

Похожие материалы