Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – Бүгін сағат 19.00-де Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Елордаға Нұрсұлтан атын беру туралы бастамасы қаралады.
Айта кетейік, 20 наурыздан бастап Қазақстан Президенті қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев, халыққа ант беру рәсімінен кейін Н. Назарбаевтың есімін мәңгі ұлықтау үшін Астанаға Нұрсұлтан атауын беруді ұсынды.
Еске сала кетейік, кеше ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.