Алматы. 11 маусым. 7kun.kz - Қазақстанда жыл басынан бері азық-түлік тауарларының бағасы өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты.
"Ресми статистика мәліметтеріне сәйкес, маусымның соңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басына қарағанда 7 пайызға ұлғайды. Ағымдағы жыл басынан бері пияз - 81,1 пайызға, картоп - 74,9 пайызға, қырыққабат - 61,2 пайызға, сәбіз - 38,1 пайызға, сиыр еті - 10,7 пайызға өскені байқалады", - деді ҚР Ұлттық экономика министрі.
Министрдің айтуынша, азық-түлік өнімдерінің кейбір түрінің бағасы арзандағаны байқалады. Тауық жұмыртқасының бағасы - 26,9 пайызға, қарақұмық - 19,7 пайызға, күнбағыс майы - 7,6 пайызға, қант 1,3 пайыға төмендеді.