Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәжіліс депутаты «Күнделік» қызметін пайдалануды тоқтатуды ұсынды

Мәжіліс депутаты «Күнделік» қызметін пайдалануды тоқтатуды ұсынды

Алматы. 30 қазан. 7kun.kz — Мәжіліс депутаты Кеңес Абсатиров палатаның пленарлық отырысында Қазақстанның вице-премьері Бердібек Сапарбаевқа "Күнделік» жүйесін міндетті түрде қолдануды тоқтата тұру туралы өтінішпен жүгінді.

Ол өзінің ұсынысын жүйенің 90%-ы жұмыс істемейтіндігімен, бір уақытта толтырғанда кідірістер болуымен байланыстырды. Бұл ретте депутат 700-ге жуық қазақстандық мектептің секундына 4 және одан да аз мегабит жылдамдықтағы интернет желісіне қосылғанын атап өтті. Ал жүзге жуық мектеп интернет желісіне мүлдем қосылмаған.

"Күнделік" порталындағы тұрақты іркілістерге байланысты көптеген педагогтар мүмкіндігі болмаған жағдайда оны түнімен толтыруға мәжбүр. Ауыл мектептеріндегі мұғалімдер ауылдарда интернет болмағандықтан, аудан орталықтарына барады немесе телефон байланысы көмегімен қаладағы туысқандары арқылы электрондық журналды толтыруға тырысады, егер олар бар болса. Тұрақты техникалық ақауларға байланысты бұл әрдайым мүмкін емес. Бұл ата-аналарға өз балаларының оқудағы проблемаларына дер кезінде жауап беруге мүмкіндік бермейді. Егер жүйе мұндай жүктемелерге арналмаса, оны неге бүкіл елге енгізу керек? », - деді депутат.

Депутаттың айтуынша, "Күнделік" бетінде "сұраныс лимиті асып кетті" деген жазу шығады. Бұл 500 өтініш кезінде болады. Өз кезегінде, бүгінде республиканың орта мектептерінде 2,8 миллионнан астам бала білім алады.

Осылайша, мәжілісменнің бағалауы бойынша, қазіргі мүмкіндіктер кезінде бұл жүйе тіпті теориялық жағынан толыққанды жұмыс істей алмайды.

Оның сөзіне қарағанда, «Күнделік» қызметі күмәнді сипаттағы жарнама үшін еркін қолданылады. 20 қыркүйекте емтиханға арналған христиан дұғасына арналған жарнама, сонымен бірге Інжілге, шіркеулер күнтізбелеріне және басқа діни параферналдарға арналған жарнамалар пайда болған. Ал бұл - дін мен коммерциялық жарнамаларды насихаттауға тыйым салынған "Білім туралы" заңның тікелей бұзылуы.

«Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, біз "Күнделік" ААЖ-ні ел мектептері интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен толық қамтылғанға дейін міндетті пайдалануды тоқтата тұруды және осы кезең ішінде жүйенің кез келген өтініш саны кезінде үздіксіз жұмысын, заңсыз жарнама мен өзге де бұзушылықтардан қорғауды қамтамасыз ете отырып, оны жетілдіруді ұсынамыз", – деп түйіндеді Абсатиров.

Похожие материалы