Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәжіліс келесі аптада таратылуы мүмкін - дереккөз

Мәжіліс келесі аптада таратылуы мүмкін - дереккөз

Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – VII шақырылымдағы парламент мәжілісін мерзімінен бұрын тарату келесі аптада күтілуде, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Мәжілістің қазіргі құрамы шамамен 16 қаңтарда таратылады деп күтілуде», - деді сейсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне жағдаймен таныс дереккөз.

Ол Мәжілістің мерзімінен бұрын таратылуы президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын жариялаған парламенттің төменгі палатасына кезектен тыс сайлауды тағайындаудың басты шарты екенін түсіндірді. VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау шамамен наурыз айының ортасында өтуі тиіс.

Айта кетейік, cенат сайлауы 14 қаңтарға белгіленген.

Похожие материалы