Нұр-Сұлтан. 1 қыркүйек. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтетінін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Биыл Президент сайлауы, келесі жылы - Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы болады. Содан кейін үкімет жасақталады», – деді Тоқаев.
Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап президенттің, Парламент пен Үкіметтің барлық негізгі саяси институты қайта іске қосылады және жаңартылады.