Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәжіліс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі Заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі Заң жобасын мақұлдады

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырды.

Мәжіліс депутаттары аталған Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасының негізгі міндеттерінің бірі – «бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидаты бойынша «мүлік иелерінің бірлестігі» коммерциялық емес ұйымының жаңа нысанын құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеу».

Министрдің айтуынша, ұсынылған принцип әр үйді басқарудың жеке тәсілін қарастырады. Әр мүлік меншік иелерінің бірлестігі өзінің ағымдағы және жинақтаушы шоттарын ашатын болады.

Аталған шара пәтер иелері кооперативтері және басқарушы компаниялар тарапынан қызметтер мен тарифтердің тұрғындарға жүктелмеуін және қаржыларының ашық жұмсалуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ тұрғындардың басқару тәсілін таңдау құқығы жеке басқару органдары арқылы немесе шарт негізінде басқарушы компаниялар арқылы беріледі.

Заң жобасы аясында жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясын әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газбен жабдықтау объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын, сондай-ақ қауіпті техникалық құрылғыларды бақылау және қадағалау құзыреттіліктерін беру көзделген.


Похожие материалы