Экономика
Выбор редактора
McDonalds компаниясының тарихы
Оның зияны жөнінде осыған дейін қаншама рет айтылды. Айтылып жатыр да. Оны жек көреді, жабуды талап етеді, фильмдер мен бағдарламалар түсіріп, зерттеулер жүргізеді. Мыңдаған адамдар ұран салғанымен, миллиондағандар лі де Макдональдстан қол үзген жоқ. Сансыз фаст-фудтың арасынан әлемдік көшбасшыға айналған алпауыттың табыс тарихы неде?
Ағайынды Макдоналдтардың алғашқы мейрамханасы 1940 жылы Калифорния штатының Сан Бернардино қаласында ашылды. Бұл көлік жүргізушілері үшін арналған қарапайым орын болатын. Жылына 200 000 доллар табыс әкелетін дәмханада қуырылған еттің қырық түрі дайындалыпты.
1948 жылы ағайындылар негізгі табыс көзі гамбургер сатудан түсіп жатқандығын түсінген соң жаңа бетбұрысқа бел байлайды. Дәмхананың ішкі дизайны өзгертіліп, фаст-фуд дайындайтын конвейерге айналады. Ас мәзірі барынша қысқартылып, гамбургердің бірнеше түрі, апельсин шырыны, қытырлақ картоп және америкалықтардың сүйіктісі кока-кола қалады. Оңтайландыру шараларының арқасында бургерлер 15 центтен сатыла бастады.
Сіз бар болғаны бірнеше минут ішінде қалаған тағамыңызды алып, тез арада ақшасын төлеп, қалаған үстеліңізге барып отырасыз. Ағайынды Макдональдтар негізін қалаға тез тамақтанудың жаңа концепциясы тез танымалдылыққа ие болып, төменгі баға мен жылдам қызмет ету арқылы сатылым көлемі ұлғая түсті. Бәсекелестер үшін үлкен соқққы беріліп, кезек саны көбейді.
Елуінші жылдары табыс 1,5 есе көбейіп, жыл сайын 350 000 доллар түсіп отырды. Бүкіл Калифорния бойынша танымал болған мейрамхана туралы газеттер де жаза бастады. Кәсіпкерлер хабарласып, жаңа әдіс бойынша жұмыс істеу құқығын сатып алуды сұрап, жалына бастайды. Бірнеше мың долларға енді қалаған адам өз Макдоналдсын аша алатын-ды. Бүкіл Америка бойынша алтын түстес аркасы бар аппақ ғимараттар пайда бола бастады. Елде Макдоналдс толқыны басталады. Енді шекарадан шығуды бизнестің өзі бұйырып тұрғандай еді. Бірақ ағайындылар бұл туралы тіпті ойламады да. Макдональдс тарихының жаңа парақтары Рей Крок келгеннен кейін басталады.
Жаңа басшы - жаңа тарих
Рей Крок туралы басты үш нәрсе айтуға болады. Ол гамбургер сата алады, ақша табу жолын біледі және әңгіменің майын тамызады. Алғашқы екі қабілеті гамбургерлер империясын құруға көмектесті.
Ағайынды Макдональдтармен таныспас бұрын Крок миксер сатумен айналысқан екен. Бірде оған бірден 8 миксер сатып алу туралы ұсыныс түседі. Қатарынан 40 шақты коктейль дайындау қандай дәмханаға керек болды деген қызығушылықпен ол тапсырыс берушіге келеді. Тоқтаусыз гамбургермен коктейль сатып жатқан мейрамхананы көргенде таңданысын жасыра алмайды.
Дәмхана иелері бизнесін кеңейтуге қарсы емес болып шығады. Алайда өздері мұнымен айналысқылары келмейді екен. Крок франшизаны сатушы агент ретінде өз қызметін ұсынды.
1955 жылы «Макдональдс Систем, Инк» франчайзинг компаниясы ашылады. 20 жыл пайдаланғаны үшін әр франшиза құны
950 долларды құрады. Крок франшизаны бірінші кездескендерге сатқысы келмей, жақсы рестораторларды іздеді. Осыған дейінгідей бүкіл штатқа емес, тек мейрамханаға ғана сатылды. Компания құрылған кезден бастап Кока-кола оның серіктесіне айналды.
Сол жылы Иллинойс штатындағы мейрамхананың жертөлесінде ол
гамбургерология университетін ашады. Жаңа лицензияшылар мен мейрамхана директорларына арналған оқу сыныптары кейінірек жоғары буындағы менеджерлерді дайындайтын халықаралық оқу орталығына айналды.
Бірақ танымалдылық сауда табысына ықпал ете алмады. Бірінші жылы тек 18 франшиза сатылды. Ірі ойыншылар оны тек нақты аумақтарға сатып алуды қалады. 1960 жылы Крок компаниясының таза түсімі 77 000 долларды құрады, ал қарызы 5,7 млн долларға дейін артты. Ары қарайғы өсім үшін ол ағайынды Макдональдтардан бизнесті сатып алмақшы болады. Олар
2,7 млн доллар сұрады. 700 000 доллар салыққа кетіп, әрқайсысына миллион доллардан қалуы керек еді.
1961 жылы компанияның жылжымайтын мүлігін кепілге қойып, Крок несие алды. Банкке қарызды төлеуге 14 млн доллар кеткенімен, ол өзінің жүйесін бақылап отыру мүмкінігіне ие болды.
Компанияның табыс құпиялары
1965 жылы миллиардыншы гамбургер сатылып, бұл көрсеткіш үлкен шоуға айналдырылды. Рой Крок ағайынды Макдоналдтар негізін қалаған ұстанымдарды (шектелген, бірақ сапалы мәзір, жылдам қызмет ету, тазалықтың жоғары стандарттары) сақтап қала алды. Франшиза сатып алған компаниялармен келісім-шарттың алғашқы пункті ретінде бірыңғайланған мәзір қарастырылды. Нью-Йорктегі дәмханадан алынған бургердің көлемі мен дәмдеуіштерінің мөлшері айталық Ресейде сатылған бургермен бірдей болуы қажет. Тіпті Рей Крок өмірінің соңына дейін ең алыс аудандардағы мейрамханаларға барып, барлық стандарттарға сай екендігін тексеріп жүрген екен.
Тағамға жылдам қол жетімділік, қызмет көрсету мәдениеті және тазалық күні бүгінге дейін тез тамақтандыратын Макдоналдс мейрамханалар желісінің негізгі ұстанымдары болып қала беруде. 1958 жылы бургер дайындаудың толыққанды сипаттамасы шығып, "Макдоналдс библиясы" деген атауға ие болды. Қазір оның 750 парағы бар.
1970 жылы Макдоналдстың 16000 мейрамханасының сауда айналымы 587 миллион долларды құрады. 1972 жылы
миллиардты бағындырды.
1975 жылы Аризона штатының Сьерра-Виста қаласында бірінші
МакАвто дәмханасы пайда болды. Қызмет көрсетудің жаңа жүйесі АҚШ-тағы барша дәмханалардың сауда айналымының жартысын құрайды. 1976 жылы 20 миллиардыншы гамбургер сатылды.
1990 жылы компания басшылығы өз тарихында бар болғаны үшінші рет ауысты. Басқарма төрағасы ретінде Фред Тернер тағайындалды, ал Рей Крок өмірінің соңына дейін компания жұмысына араласып отырды.
Макдональдс Standard & Poor-дың 1965 жыдан бері жыл сайын түсімі мен акциялардан түскен пайдасын жазып отырған ең тұрақты компаниясына айналды. Better Investing Magazine журналы онл туралы қарапайым акциялары ең көп сатылған ең танымал корпорация деп атады. Рей Крок Life журналы тарапынан 20 ғасырдың ең басты 100 американдық азаматының бірі деген атаққа ие болды.
2005 жылы компания 50 жылдығын тойлады.
Дайындаған Ақсәуле Әбітай "7"