Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Медеудегі денсаулық баспалдағын қалпына келтіреді

Медеудегі денсаулық баспалдағын қалпына келтіреді

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz — Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Медеудегі» денсаулық баспалдағын жөндеуді тапсырды. Бұл туралы әкім өзінің Instagram парақшасына жазды.

«40 жыл бойы ол (Медеу) алматылықтар мен көптеген туристерге танымал. Өкінішке орай, бүгін біз баспалдақтың сатылары жылжып, ал тіреулер ыңғайсыздық туғызып құлап жатқанын көріп отырмыз», - деп жазды әкім.

Оның пікірінше, жұмыстарды кезең-кезеңмен жүргізу қажет. Баспалдақтың бастапқы түрі барынша сақталады: аршылған тастары өзгертілмейтін болады, оларды тек ауыстырып қояды. Сондай-ақ, энергия үнемдейтін технологияларды қолдану арқылы жарықтандыру жүйесін жаңартып, бейнебақылау орнатылады. Жаңа орындықтар, тұтқалар және шағын сәулет нысандары пайда болады.

«Бұдан басқа, байқау алаңын құру арқылы баспалдақтың алдында аумақты абаттандыру бойынша жоба әзірленетін болады. Екі күннің ішінде шеткі арматураны жөндеп, құлайтын таяныштарды жөндеп, учаскені санитарлық тазалайды», - деді Бауыржан Байбек.

Похожие материалы