Алматы. 5 қараша. 7kun.kz – 2018 жылдың қазанында Медициналық сақтандыру қорына 8,7 млрд теңгеден астам жарна түсті, - деп хабарлайды ӘМСҚ баспасөз қызметі.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен биылғы 31 қазанға дейінгі аралықта жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарнаның жалпы сомасы 113,8 млрд теңгеге жетті.
Оның 105,2 млрд теңгесі (шамамен 92,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теңге (7,6%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Айта кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Бас банкпен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.