Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Медицинаны дамытуға 120 млрд теңге бөлінеді

Медицинаны дамытуға 120 млрд теңге бөлінеді

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Отандық медицина салауатты өмір салтын насихаттауға және алдын алуға бағытталуы керек. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

"Денсаулық сақтау және алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жұмсалатын шығындар денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінен 40-тан 60%-ға дейін артуы тиіс. Бұл әлемнің барлық дамыған елдерінің тәжірибесі", - деді Президент.

Н. Назарбаевтың пікірінше, медицина адамдарға жақын болуы тиіс.

"Адам төмен түсіп, өз денсаулығы мен еміне білікті баға алуы үшін, қадам сайынғы қолжетімді емхананы үйлердің бірінші қабаттарында ашу керек. Бұл міндетті дамытуға қосымша 120 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Нәтижесінде стационарлық медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі артады", - деді Елбасы.

Похожие материалы