Хуан Сючжан гаджет пен электроникаға қатты қызығатын. Интернеттен жаңа құралдарды алады да, оларды сынап көріп, өзінің әсері мен құрылғы кемшіліктерін Джек Вонг лақап атпен бөлісіп жүреді. Сондай күндердің бірінде оның қолына музыка тыңдайтын құрал түседі. Бірақ дыбыстың сапасы да, оның дизайны да Сючжанның көңілінен шықпай, өзінің MP3-плеерін жасап шығарады. Осылайша, 1998 жылы компанияның негізі қаланады. Компанияның кейінгі жұмыстарын төмендегі хронологиялық тізбек бойынша түсіндіріп береміз.
Meizu (Mei — трендтегі адам, Zu- адамдар тобы) атауы қытай тілінен аударғанда «трендтегі адамдар» деп аударылады.
2003
Компания 2003 жылы алғаш рет жады 512 мб жететін өзінің Meizu MX музыкалық плеерін шығарды. Бірақ плеер Cowon — iAudio CW300 оңтүстіккореялық компания өнімдерінің көшірмесі еді. Бұл компания тарапына біраз сын әкелгендіктен, Хуан Сючжан өздерінің дизайнын жасауға кірісе бастады.
2004
Өз өнімдерінің бейнесіне ерекше мән бере бастаған компания жұмыс жүйесін өзгертіп, алғашқы плеерін қайта шығарды. Оны Meizu ME деп атады. Оның ерекшелігі – оны джостик арқылы басқарып, AAA батареялары арқылы қуаттауға болатын. Осының арқысында компания өнімдері тез таралып, оның кеңінен танымал болуына оң әсер етті.
2005
2005 жылы компания логотипін өзгертті. Аталған логотип әлі күнге дейін қолданылып келеді. Тап сол жылы музыканы ауыстыруға ыңғайлы батырмасы болуымен ерекшеленген 8 түрлі плеер жасап шығарды. Meizu ME секілді олар да ерекше дизайнымен шыққандықтан сатылымы жоғары болды. Оның ішінде Meizu E3 музыканы ұнататындардың ең сүйікті құралына айналып, ішкі нарықтағы ең көп сатылған плеерға айналды. Оның құпиясы сапасы жоғары Philips Nexperia PNX0102 чипінде еді.
2006
Осы жылы бұған дейінгі құрылғылардан ерекшеленбейтін, тек темір қаптама қосылған Meizu E3c плеері шықты.
Құрылғы музыкадан бөлек видео да көрсетіп, сурет жүктейтін арнаулы галереясы бар еді. Meizu X6 тап Meizu E3c секілді темір қаптамамен қапталғанымен, бұрынғыдай батырмамен емес, сенсорлы экран арқылы басқаруға болатын. Ресейде ол Ritmix RF-9200 және Powerman XL850 аттарымен тарап, аса бір таныла қойған жоқ. Ал Қытайда сатылым көлемі жағынан әйгілі iPod-тан озып кетті.
2009
Алғашқы Meizu M8 смартфоны Windows CE 6.0 жүйесімен жабдықталып шығарылды. Оның басқарылуы мен интерфейсін қолданушылар сол кезде танымал болған HTC TouchFLO телефонымен қатар қоятын. Ал дизайны Apple-дың iPhone-ын еске түсіретін. Meizu мен оның өнімдері туралы бүкіл әлем біле бастаған кезде Қытайда әр күні 50 мың дана телефон сатылатын.
2010
2010 жылы Apple M8 моделінде iPhone телефондарына ұқсастықтар тым көп болғандықтан девайстың шығарылымын тоқтатуды талап етті. Осының әсерінен компания Meizu M9 топтамасына бірден өтіп кетті.
2011
2011 жылдың ақпанында бүкіл әлем көптен күткен Meizu M9 смотрфоны жарыққа шықты. Стереодинамиктердің арқасында дыбысы жақсарып, Samsung Hummingbird процессорының көмегімен Android 2.2 (Froyo) телефонын біраз артта қалдырды. Дегенмен, телефон корпусы сәл де болса iPhone телефонын еске түсіріп тұрды. Оның бір ерекшелігі Meizu M8 секілді емес, көбіне күңгірт корпуспен қапталып тұрды.
2012
Құрастырушылар операциялық жүйені қарапайым етіп шығарғанымен, ондағы мүмкіндіктер шеңбері кең еді. Себебі қажетті құрылғыларды Meizu командасы өзі орнатып, сатып алушы тек дайын телефонды алып, пайдалана беретіндей етіп жасап шықты. Модель кең танымалдыққа ие болып, Қытайдан тыс жерлерде де көптеп сатыла бастады. Оған мобильді телефондармен жұмыс істейтін Engadgеt, Gsmarena, Phonearena, Slashgear секілді ірі ресурстардың назарына ілікті.
Біраз уақыттан соң Meizu MX 4-core телефоны шықты. Оның айырмашылығы жиілігі 1500 МГц-ты құрайтын Samsung Exynos 4212 жүйесімен жабдықталғанында еді. 2012 жылдың қарашасында Wolfson чипі бар Meizu MX2 телефоны шығарылды.
2013
2013 жылдың қыркүйегінде Meizu MX3 моделі шығарылды. Компания дисплей диагоналін ғана емес, тұтынушы телефонды бір қолымен қолдана алатындай етіп ойластырылып жасалды. Сонымен қатар, құлаққаптарындағы дыбысталу анықтығын барынша көтеріп, бәсекелестерінен бір қадам алға шықты.
2014
Шығарылатын қосымшалар санын арттыру үшін Meizu ұялы телефон бағдарламаларынан келген табыстың 100 пайызын жасаушылардың өзіне беретінін айтты. Мұндай мәлімдеме белсенді құрастырушылардың да, жасалған қосымшалардың да санын күрт өсірді.
2014 жылдың 2 қыркүйегінде Meizu MX4 телефоны шықты. Девайстың корпусы 6061 T6 авиациялық алюминийінен жасалған. Meizu MX4 диагоналі 5,36 дюймді құрады. 2014 жылғы қарашаның 14-іне оның жаңартылған Meizu MX4 Pro деп аталатын жақсартылған нұсқасы шықты.
2015
MX4 пен MX4 Pro телефондарының танымалдығынан соң компания нарыққа Meizu M1 Note пен Meizu M1 Mini бюджеттік девайстарын шығарды да, осының арқасында кірісін 45 пайызға арттырды. Meizu N1 Note дисплейінде Sharp newmode 2 5,5 дюймді, 1920*1080 нүктелі IGZO-панелінде жұмыс істеді. Телефон баға мен сапа балансы сақталған телефон ретінде қолданушылар мен БАҚ беттерінде кеңінен танымал бола бастады.
2015 жылдың маусымында Meizu M1 Note-тың Meizu M2 Note деп аталатын «жалғасы» шықты. Жаңа смартфонда процессорды ауыстыру арқылы операциялық жүйелердің барлығы қарапайымданып, оңайландырылды. Мұның бәрі қуаттың көпке жету мүмкіндігін арттырып, қуаттамай-ақ екі күн жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Әрі бағасын 200 доллардан 170 долларға дейін арзандатуға мүмкіндік берді. Осындай өзгерістердің арқасында Meizu M2 Note 2015 жылы ең көп сатылған телефондар қатарына кірді.
2015 жылдың 30 маусымында Meizu MX5 телефоны жарыққа шықты. Девайс бұған дейінгі телефондардан қатты ерекшелене қойған жоқ, тек төмен жақтағы жалғыз батырмадағы саусақ іздерін сканерлеу функциясы қосылды. Одан бөлек LCD дисплейі AMOLED-экранына ауыстырылды. Жаңа экран арқылы жұмсалатын қуат көлемін 45 пайызға үнемдеуге жол ашылды.