Алаяқтардан зардап шеккендерге келтірілген шығын шамамен 33 миллион теңгені құрады.
Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – 50-ге жуық азамат Мекке мен Мәдинаға жолдама уәде еткен алаяқтардың құрбаны болды. Полицейлер зардап шеккендердің одан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
26 қаңтарда Еңбекші АПБ-ға алаяқтық фактісі бойынша ерлі-зайыптылар арызданды. Күйеуі мен әйелі қасиетті мекен Сауд Арабиясына баруға «Каусар-травел» туристік агенттігі жолдама уәде еткенін жеткізді. Олар өз қызметін 1 млн теңгеге бағалаған.
«Алайда, 13 қаңтарда шетелге ұшу керек болған ерлі-зайыптылар уәде етілген әуе билеттері мен елден шығу визасын ала алмаған. Компания директоры қоңырауларға жауап бермей, жұмыс орнына іздеп барғанда ол жерде болмай шыққан. Осындай арыздармен полицияға аталған турагенттіктің алаяқтық құрбаны болған тағы 48 адам жүгінді. Олар Шымкент және Алматы қаласының тұрғындары», – делінген хабарламада.
Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 33 миллион теңгені құрады.
Полиция ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіп, компания директорын әріптестерімен бірге бес күннің ішінде Алматыда жасырынып жүрген жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды.
Қазіргі таңда күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.