Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мексика Қазақстанда өз елшілігін ашады

Мексика Қазақстанда өз елшілігін ашады

Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – Биыл елордада Мексиканың елшілігі ашылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

2023 жылғы 12-13 қаңтарда Мехико қаласында Мексиканың Сыртқы істер министрі Марсело Эбрардтың сол елде аккредиттелген дипломатиялық корпуспен жыл сайынғы кездесуі өткен.

«Министр Эбрард биылғы міндеттер туралы айта келе, 2023 жылы Мексика 5 жаңа елшілік ашатынын ресми түрде жариялады. Соның ішінде Қазақстан да бар», – деді Смадяров брифингте.

Ол Қазақстан Мексика үкіметінің шешімін құптайтынын және Астанада елшілік ашуға көмектесуге дайын екенін атап өтті.

Похожие материалы