Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекет Қазақстандағы "электронды әмияндарға" бақылауды күшейтпек

Мемлекет Қазақстандағы "электронды әмияндарға" бақылауды күшейтпек

Қазақстанда "электронды әмияндарды" төлем жүйесінің субъектісіне жатқызып, қаржылық бақылау ограндарына міндетті тіркеуден өтуді енгізу ұсынылып жатыр. Бұл жөнінде ІІД-нің ресми сұранысқа берген жауабында айтылды.

Одан бөлек, Ұлттық банк Қазақстан аумағында қызмет көрсететін төлем қызмет түрлері мен тізімін қарайтын заң жобасын ұсынды. "Көрсетілген нормативтік актілер ІІД-нің дайындап, ұсынған ұсыныстары нәтижесінде жасалды", - дейді баспасөз қызметі. ІІД ҚР заңнамасына аталған өзгерістер енсе, "электронды әмиян" арқылы есірткімен айналысатындарды қолға түсіру оңай болады деп отыр. Басқарма өкілдері 2015 жылдың басынан бері шылым қоспаларын ұсынатын 66 сайт белгілі болған. "Оның 36-сы сот шешімімен жабылды. Қалған 30 сайтқа шығу мүмкіндігін шектеу туралы талап арыздар жіберілді", - дейді ІІД. Осы уақытқа дейін синтетикалық есірткі таратушылар интернет-ресурстарды ғана қолданып, төлем жасауға Qiwi электронды әмияндарын қолданатыны белгілі болды. Есірткі бизнесімен күрес департаменті басшысы Сұлтан Құсетовтың айтуынша, заңға өзгеріс енгізу арқылы есірткі сататын порталдардың жұмысын тоқтатуға болады.

Похожие материалы