Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекет басшыларының офшордағы қаражаты туралы ақпарат жарияланып кетті

Мемлекет басшыларының офшордағы қаражаты туралы ақпарат жарияланып кетті

Халықаралық журналистік тергеу консорциумы (ICIJ) қазіргі және бұрынғы 12-ге жуық әлемдік көшбасшының және 128 саясаткердің, Forbes тізіміне енген 29 миллиардердің офшорлы келісімдері бар екенін анықтады.

Тергеу жұмыстарын жүргізген журналистердің сөзінше, әлемдік саясаткерлер мен бизнесмендер және  «селебритилердің» қатысуымен болған "көлеңкелі экономиканың" масштабын ашатын 11,5 млн-ға жуық түрлі құжаттар жарияланып кеткен. Бұл материалдарды іздестіруде  әлемнің 76 елінен ICIJ мүшелері мен немістің Sueddeutsche Zeitung  және басқа да басылымдардың журналистерін қосқанда 370 адам қатысқан.

ICIJ тергеушілері өздерінің тергеу жұмыстарын офшорлы құжаттардың көпшілігі тіркелген Mossack Fonsec компаниясының тұрғылықты жеріне байланысты "Панама құжаттары" деп атайды. Журналистердің айтуынша, бұл компания фирмаларды құрумен және олардың  түпкілікті бенефициарлы активтерін жасырумен айналысады.

2014 жылы Mossack Аргентинаның бұрынғы президенті Нестор Киршнерге  (2010 жылы қайтыс болған) Невада штатында орналасқан 123 фирма арқылы қаржыны жылыстатуға көмектескен. Бұл туралы америкалық сотта айтылды. Сот компанияға мәліметтерін ашып көрсетуге сұрау жібереді, бірақ анонимді клиенттермен жұмыс істейтін Mossack заң фирмасы аталған істен жалтарды. Сондай-ақ, Mossack қызметкерлері АҚШ-тың құзырына тиесілі құжаттардың жартысын алып шығып, жоймақ болған. Нәтижесінде белгісіз дереккөз неміс журналистеріне 1977 және 2015 жылдың соңына тиесілі 11 млн-ға жуық құжатты әкелді.

Офшорлы компаниялардың иелері кімдер?

ICIJ баяндамасында айтылғандай, Ресей Президенті Владимир Путиннің қоластында жұмыс істейтін қызметкерлер офшорлы компаниялар арқылы 2 млрд доллар аударған.

Ал Ресей билігі бұл жарияланымға дайын болды. 28 наурыз күні В.Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жақын арада Ресейдегі басшылыққа қарсы "ақпараттық шабуыл" болуы мүмкін екендігін хабарлады. Бұл туралы президент әкімшілігіне БАҚ өкілдері жіберген сұраныс арқылы белгілі болды.

Тергеу барысында журналистердің қолына түскен  құжаттарда Украина Президенті  Петр Порошенконың, Сауд Арабиясының королі Салманның, Исландия және Пәкістанның премьер-министрлерінің, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің туыстарының және Әзербайджан Президенті Ильхам Алиевтың аты аталған.

Мұнымен қоса журналистердің тергеу жұмысына арқау болған офшорлы құжаттарға футболист Лионель Мессидің, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвида Кэмеронның әкесі Иен Кэмеронның, FIFA комитетінің мүшесі Хуан Педро Дамианидің және актер Джеки Чанның қатысы бар.

Mossack Fonsecaға қатысты  ең жоғары профильді жанжалдар арасында Petrobras ісі бар. Бұл  -   Бразилияның ең ірі мұнай компаниясы және мұндағы жемқорлық ісіне жетекші саясаткерлер мен құрылыс корпорацияларының қатысы бар. Компанияға байланысты туындаған дау Бразилияда саяси дағдарыс тудырды және қазіргі елдің президенті Дилма Русефтің билігіне қауіп төндіріп тұр.  2016 жылы бразилиялық прокуратура Mossack-тың 5 қызметкеріне жемқорлық ісі бойынша айып таққан еді. Дегенмен Petrobras шенеуніктері бұған қарамастан Mossack Fonseca-да офшорлы аймақтары бар Odebrecht сияқты құрылыс компанияларынан пара алып отырған.

Қазақстандықтардың қатысы бар ма?

Азаттық радиосының мәлімдеуінше Mossack Fonseca заң компаниясының әшкере болып кеткен құжаттарына сәйкес, Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрәлі Әлиев британдық Виргин аралдарындағы бірнеше офшорлық фирманың акционері болған. Құжаттарға қарағанда, Нұрәлі Әлиев 2008 жылы Виргин аралдарында тіркелген Baltimore Alliance Inc. фирмасының акционері. Компания яхталарды сатып алу және сатумен айналысады. 2008 жылы фирма 77 футтық "Номад" деп аталатын яхта сатып алған. Яхта Mossack Fonseca фирмасы арқылы тіркелген. Кейін Әлиевті Baltimore Alliance Inc. компаниясында акционер ретінде Лондондағы жылжымайтын мүліктерге бақылау жасайтын Greatex Trade &Invest Group (GTIG) компаниясы алмастырған. Әлиев 2008 жылы GTIG компаниясының әкімшілік президенті болған.

Mossack жөнінде ақпарат

Тергеу жұмыстары авторларының мәліметі бойынша, Mossack Foncesa-ның құрылуы 1983 жылдың қараша айындағы Лондон қаласының шетінде орналасқан қоймадағы құнды заттар мен 7 мың сом алтынның ұрлануымен байланысты. Ұрланған заттардың жалпы құны 100 млн долларды құраған. Ал панамалық компанияның негізін қалаушылардың бірі Юрген Моссак ұрланған қаржының жылыстауына көмектескен. Mossack Fonseca-ны  Юрген Моссак және Рамон Фонсека құрған.

ICIJ мәліметінше, панамалық компания тек бизнесмендер мен кәсіпкерлерге ғана емес, заңнан тыс жұмыс істейтін тұлғаларға да офшорлы аймақ құрған.  Мысалы Mossack мексикалық наркобарон Рафаэля Каро Кинтероның жылжымайтын мүлкіне иелік еткен. Алайда 1985 жылы Рафаэля Каро Кинтеро тұтқыдалғаннан кейін оның мүлкі Коста-Рика билігіне өтеді. 20 жылдан соң билік жеке мүлік құқығына байланысты Mossack-қа сұраныс жібереді. Алайда компания қызметкерлері Кинтероның офшорлы мүлкіне қатысты ақпаратты жойып жіберген.

Похожие материалы