Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекет басшысы: «Нұрлы жол» бағдарламасы - бұл дағдарысқа қарсы шара

Мемлекет басшысы: «Нұрлы жол» бағдарламасы - бұл дағдарысқа қарсы шара

«Нұрлы жол» бағдарламасы - бұл дағдарысқа қарсы шара. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Санамалап атап өткенімдей теріс тенденцияларды жұмсарту үшін өткен жылы көптеген шаралар атқарылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы - бұл дағдарысқа қарсы шара. Мен дәл осы жылы қиындықтар болатындығын айтқанмын. Біз алдын орап, осы бағдарламаны қабылдадық. Ол қиын жағдайда экономикамыздың өсім және біздің азаматтарымыз үшін жұмыс орындарын құру нүктесі болып табылады», - деді Елбасы. Өз кезегінде: «Бүгінде «Нұрлы жол» бағдарламасының биылға жоспарланған барлық көліктік-логистикалық  және инфрақұрылымдық жобалары басталу сәтіне дайын. Атап айтқанда, бұл жобалар еш кідіріссіз іске қосылатын болады»,-деді Б.Сағынтаев. ҚР премьер-министрі орынбасарының сөзіне қарағанда, ТКШ саласында 86 жоба іріктелініп алынды. Бюджеттік несиелер өңірлерге наурызда бөлінеді. Сәуірде жүзеге асыру шаралары басталады.

Похожие материалы