Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекет енді жоғары оқу орындарына жатақхана салмайды

Мемлекет енді жоғары оқу орындарына жатақхана салмайды

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – Жоғарғы білімді қаржыландыру үшін республикалық бюджет есебінен, жатақхана, асхана және кітапхана құрылысына ақша бөлінбейді, деп жазады Tumba.kz. Бұл туралы баспасөзге ҚР Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев хабарлады. Оның айтуынша, бұндай жолмен үнемделген қаражат көмегімен, 2017 жылы магистратура гранты мыңға, ал, бакалавриат 10 мыңға көбейді. Жалпы алғанда, грант саны 25-30 пайызға артты.

«Барлық ақша, онсыз да, қазақстандық жоғарғы оқу орындарына тиесілі. Бұл тұрғыда қаржылық еркіндік қарастырылады. Мұғалімдердің алатын қаржысын бұл есептен алып тастауға тырысамыз. Біз бұны инвестициялық бағдарламаларымен бірге  ЖОО-на қайта сатып алу үшін береміз. Яғни, барлық қаражат ЖОО-ның еншісіне тиесілі болады. Дегенмен де, жоғарғы оқу орындарында бақылау алқасы есебінен қатаң тексеріс жүргізіліп тұрады.  Оның өкілеттігі артып, тек бақылау кеңесінің төрағасына бағынатын ішкі аудит қызметі құрылады», - деді Ерлан Сағадиев.

Сонымен бірге, ол барлық мемлекеттік жоғарғы оқу орындары жаңа дәрежеге ие болып, коммерциялық емес акционерлі ЖОО-ға айналатынын айтып өтті. Бақылау кеңесі автоматты түрде директорлар кеңесіне айналады. Арине, бұл жағдайда оның уәкілдігі артатыны сөзсіз. Штатық кесте, тағайындау, жалақы, инвестициялық бағдарламалар, стратегиялар – бәрі бақылаушылар алқасына, яғни директорлар кеңесіне қарастырылуға беріледі.

Академиялық еркіндік туралы заң шет ел студенттеріне ақша табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қаржы реттілігі көрсеткішінен ішкі босату қалыптысқан.

"Олар тәуелсіз болуға тиіс. Жинақ қағидасымен бірге тұрақты кәсіпорын болуы керек", - дейді министр.

2018 жылы Білім Министрлігі жатақхана құлысына ешқандай қаражт құймайды. Бар ақша грантқа беріледі.

Сондай-ақ, Ерлан Сағадиев әкімдіктер де грант бөле алатындығын айтты. 2017 жылы түлектерге төрт облыстан  грант бөлінген. Бөл мәселеде Маңғыстау облысы көш басында тұр.

Похожие материалы