Мемлекетік кірістер комитетінің өкілі 150 мың доллар пара алғаны үшін 8 жылға сотталды
Астана. 29 наурыз. 7kun.kz - Кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасының мұнай мен мұнай өнімдерін зерттеу бөлімінің бас маманы 8 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Астана қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Агубаев А.Б. атты азамат Қазақстан Республикасының стандарттарының көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін тауарлар мен сыртқы экономикалық қызмет бойынша жекелеген тауар номенклатураларының өлшемдеріне дұрыс қорытынды беру үшін 150 мың АҚШ доллары көлемінде пара беруге мәжбүрлеген.
Ол ақшаны алу кезінде жемқорлықпен күрес бөлімінің қызметкерлері тарапынан қолға түсірілді. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі негізінде Агубаев А.Б ҚР ҚК 24 бабы, 3 тармағы - 366 бабы 4 тармағы (қылмысқа жасауға дайындау, қылмыс жасауға мәжбүрлеу, пара алу) бойынша кінәлі деп танылды.
Оның мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметте қандай да бір қызмет атқаруға тыйым салына отырып, 8 жыл 4 ай өмірін қамауда өткізу туралы жаза тағайындалды. Үкім күшіне енген жоқ. Айта кетейік, Агубаев 2016 жылдың қараша айына пара алу кезінде ұсталды.