Астана. 28 қыркүйек. 7kun.kz – Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен «Ас-Ай» ЖШС басшысы Асқар Асайұлы Омарды ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, ол «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан келтірілген залалды өндіріп алу кезінде жеткізу көлемі туралы жалған мәліметтерді және аудиторлардың жалған қорытындыларын пайдаланған. Салдарынан бюджетке 300 млн теңгеден астам сомада залал келген.
Ұрланған қаражатқа күдікті Астанада құны 125 млн теңге қымбат пәтер мен Range Rover автокөлігін 60 млн теңгеге сатып алғаны анықталды. Сондай-ақ ол қаражатты көлеңкелі айналымға шығару үшін номиналды заңды тұлғалардан 1,3 млрд теңгеге жалған шот-фактураларды пайдаланған.
Осыған байланысты 285,6 млн теңгеге салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.