Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекетке халықтың қарызын есептен шығару үшін 105 млрд теңге қажет

Мемлекетке халықтың қарызын есептен шығару үшін 105 млрд теңге қажет

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz — Мемлекет тұтынушылық несиелер бойынша өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығаруға 105 млрд теңге бөледі, талап етілетін соманың 70%-ын банктер мен шағын несие ұйымдары өтейді, деп хабарлады Қазақстанның қаржы министрі Әлихан Смайылов.

"Мемлекет тарапынан кепілсіз кредиттерді, пайыздарды және айыппұлдарды өтеу үшін қажетті сомаға қатысты 105 млрд теңге қажет болады. Осы кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар бойынша 70% осы қаржы мекемелерінің өз есебінен өтелетінін тағы да есте сақтау қажет", – деді Смайылов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Мемлекет бөлген сомадан 88,5 млрд теңге республикалық бюджеттен тартылатын болады. Министр тиісті сома бюджетті нақтылау аясында енгізілетінін айтты.

"Алдағы аптада біз Парламентке барамыз және 17 млрд теңгеге жуық қаржыны проблемалы несиелер қорының арнайы облигацияларын шығару арқылы тартамыз", – деп толықтырды министр.

Қаржы министрінің мәлімдеуінше, айыппұлдарды және өсімпұлдарды есептен шығару бірінші кезекте екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары есебінен жүзеге асырылады. Сондай-ақ 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредиттерді беру мен қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салынады.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтар – көп балалы отбасы мүшелері, асыраушысынан айырылуына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектер үшін несие жүктемесін төмендету туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ бұл тізімге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар кірді.

Президент 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кредиттік рақымшылық тек 3 млн теңгеден аспайтын қарыздарға қатысты болады деп атап өтті. Сондай-ақ 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспауы тиіс.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы мәселе Қазақстанның 500 мың азаматына қатысты екенін айтты. 255 мың азамат берешектің жалпы мөлшерін өтейді. Сонымен қатар табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салынды.

Похожие материалы