Экономика
Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар 500-дей қымбат көлік сатып алған
Алматы. 23 қазан. 7kun.kz - 2017 жылдың 9 айында мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар 6 млрд теңгеге люкс санаттағы 508 автокөлік сатып алды деп мәлімдейді «ҚазАвтоПром» кәсіпорындар одағының төрағасы Олег Алферов.
"2017 жылы мемлекеттік органдарға импортталған автокөліктерді жеткізу 7,5 есеге өскен. Яғни 2016 жылы 67 бірлік автокөлік болса, 2017 жылы 508 бірлікті құрады", - дейді одақтың басқарма төрағасы Олег Алферов.
Оның сөзіне қарағанда, бағасы 22 миллион теңгеден асатын Toyota Land Cruiser 200 көліктерін Алматы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен басқа да облыстардың әкімі аппараттары сатып алған.
Кәсіподақтың мәліметінше, 2017 жылы 9 айда Қазақстанда автокөлік өндірісі 2016 жылдан үш есеге өскен.