Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік гранттың саны өсті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2017-2018 оқу жылынан бастап, соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. 2017-2018 оқу жылына бакалавриатқа - 37 мың 932 грант бөлінді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 6000-ға көп. Магистратураға - 10 мың 004 орын. 2016 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 2,5 мыңға көбейген. Ал PhD докторантураға - 1285 орын бөлінді», - делінді хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуде педагогикалық, техникалық және әлеуметтік, қызмет көрсету саласы мамандықтарына басымдық беріледі.