Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік бюджетке 3,8 трлн теңге түсті

Мемлекеттік бюджетке 3,8 трлн теңге түсті

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz  - 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында мемлекеттік бюджетке 3,8 трлн теңге салықтар мен төлемдер түсті.

2018 жылдың бес айының ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда бюджетке түсімдер 15,5%-ға өсті.

Ең үлкен салық көлемі Алматыдан (889,6 млрд теңге) және Атырау облысынан (680,7 млрд теңге) келді. Ал мемлекеттік бюджетке Нұр-Сұлтаннан  - 489 млрд теңге,Алматы облысынан – 194,2 млрд теңге, Маңғыстау облысынан – 175,5 млрд теңге, Қарағанды облысынан – 173,9 млрд теңге, Ақтөбе облысынан – 173,4 млрд теңге түсті.

Сондай-ақ, БҚО 152,2 млрд теңгеге, ШҚО – 152,2 млрд теңгеге, Павлодар облысы – 125,1 млрд теңгеге, Түркістан облысы – 77 млрд теңгеге, Қостанай облысы – 75,9 млрд теңгеге салық төледі.

Ақмола облысы  бюджетке 72 млрд теңге, Қызылорда облысы – 70,3 млрд теңге, Шымкент – 68,8 млрд теңге, Жамбыл облысы– 41 млрд теңге, ал СҚО-36,3 млрд теңге аударды.

Похожие материалы