Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік бюджеттің кірісі жоспардан 102,6%-ға артық орындалған

Мемлекеттік бюджеттің кірісі жоспардан 102,6%-ға артық орындалған

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылдың 11 айынының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері жоспардан 102,6%-ға асыра орындалған. Бюджетке 7 трлн 385 млрд.теңге қаржы түскен. Бұл 2017 жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда 232 млрд теңгеге көп, деп мәлімдеді  ҚР Қаржы министрі Алихан Смаилов Үкімет отырыс кезінде.

"Республикалық бюджеттің кірістерінің жоспары 102,1%-ға және жергілікті бюджеттердің - 104%-ға орындалды. Қаржы министрлігі бірнеше рет жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен қаражаттың игерілу барысын селекторлық кеңестерде талқылады. Осы іс-шаралардың нәтижесінде 2017 жылдың 11 айымен салыстырғанда игеру қарқыны біраз жақсарды. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98%-ке игерілсе (2017 жылдың 11 айында 97,7%), республикалық – 98,6% (98,6%), жергілікті бюджеттер – 98,2% (97,7%)" , деді министр.

Смаиловтың хабарлауынша, министрлік Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен Үкіметтің қарауына бюджет заңнамасы шеңберінде республикалық бюджеттің шығыстарын түзету туралы тиісті қаулыны енгізген.

Қаржы министрі отырыс кезінде мемлекеттік шығыстар туралы да баяндап берді.

"Есепті кезеңде республикалық бюджеттің шығыстары 8 трлн. 651 млрд.теңгеге атқарылды, яғни 98,6%. 126 млрд.теңге атқарылмады. Оның 19 млрд.теңгесі үнемдеу болады. Ал, игерілмеу сомасы 107 млрд.теңгені құрады.Осы соманың 25 млрд.теңгесі бюджетті түзету арқылы бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінеді" , - деді Алихан Смаилов

Министрдің айтуынша, қаржының игерілмеуінің негізгі себептері: жүргізілетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және тауарлардың әкелінуінің белгіленген кестеден қалып қоюы, шарттардың ұзақ мерзімді келісілуі.

Игерілмеудің ең ірі сомалары Астана қаласы – 9 млрд.теңге, Түркістан – 4 млрд.теңге, Кызылорда - 3 млрд.теңге, Шымкент қаласы және Манғыстау, Павлодар облыстарында 2 млрд.теңге өңірлерінде тіркелген.

 

Похожие материалы