Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік бюджеттің шығыны бір жылда 19,3%-ға өсті

Мемлекеттік бюджеттің шығыны бір жылда 19,3%-ға өсті

Алматы. 8 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан мемлекеттік бюджетінің шығыстары 2 трлн теңгені құрап, жылына 19,3%-ға артты. Бұл туралы Finprom хабарлады.

Қаражатты жұмсаудың негізгі бағыттары әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс және басқа да бағыттар болды.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру - мемлекеттік бюджеттің басты шығыс бөлігі. Олар 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында 522,7 млрд теңгені құрады. Екінші орында білім беруге жұмсалған шығындар 338,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 21,2%-ға артты. Ал үшінші орында - денсаулық сақтау, бұл саладағы шығын 276,5 млрд теңге болды.

Есептік кезеңде қорғаныс саласына да мемлекет қомақты қаржы бөлді - 136,4 млрд теңге. 2018 жылы бұл көрсеткіш 78,9 млрд теңгені құрады. Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша қорғаныс өнеркәсібіне 542,1 млрд теңге бөлінді.

2019 жылғы қаңтар–ақпанда мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыстарындағы қорғаныс шығыстарының үлесі 7,1%-ға жетті, бірақ 2018 жылғы осы кезеңде мұндай үлес тек 4,9%-ды құрады. Қорғаныс шығындары үлесінің өсуі мемлекет үшін осы бағыттың маңыздылығын және оның басымдылығын көрсетеді.

Похожие материалы