Экономика
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram-аккаунтының бұзылғанын хабарлады

Нұр-Сұлтан. 25 шілде. 7kun.kz – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram-аккаунты шабуылға ұшыарап, бұзылғанын хабарлады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Өкінішке орай, менің атымнан Telegram-дағы достарым мен таныстарыма қаржылық жоспар туралы түрлі жалған сұраулар келе бастады. Мен барлығына бұның жалған ақпарат екенін айқтым келеді», – деді Қарин.
Оның айтуынша, соңғы бірнеше апта қатарынан аккаунтты бұзу және жалған аккаунттар жасау фактілері орын алуда.
«Шабуылшылардың құрбандары арасында көптеген танымал тұлғалар бар - бизнесмендер, блогерлер, қоғам қайраткерлері және т.б.», – деді Ерлан Қарин.