Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік кіріс комитеті салық төлемейтіндердің тізімін жариялады

Мемлекеттік кіріс комитеті салық төлемейтіндердің тізімін жариялады

ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин Facebook-тегі парақшасында салық төлемегендердің тізімін жариялады.

"Астанадағы бизнестегі салық төлемі туралы есепті алдым. Алғашында әріптестерім 0 теңгеден кейінгі үтірден қателісіп кеткен болар қалдым. Бірақ барлығы дұрыс екен. Фейсбук қоғамдастығы өте қымбат мейрамханалар мен дәмханалардың 2014 жылы барлық салық үшін тек 100 мың теңге төлегендігіне не айтады?", - деп жазады Дәулет Ерғожин. "Әлеуметтік жауапкершлігі бар" деп бөлінген мейрамханалардың қатарына Дәулет Ерғожин Chekhov, Guns and Roses, White hall, Calypso, Мост, Блюз, Шанырак, Индиана және Узбечканы атады. "Аталған обьектілерден қосымша декларацияларды тапсырып, салық төлеулерін өтінеміз", - деп жазады мемлекеттік кіріс комитетінің басшысы. Ал ең үздік салықтөлеушілердің қатарына Assorti, Салтанат Сарайы, Лайнбрю, Старый Замок, Багратиони, Егоркино, Тарантино, Алаша, Barley, Турандот Астана, Астана-Нуры, Портофино, Гранд Парк Есиль, Tre Kronor, Бухара мейрамханалары кірді. Олар төлеген салық сомасы 217 млн теңгеден 5 млн теңге аралығын құрайды. Дәулет Ерғожин Алматы қаласы мен облыс орталықтарындағы мейрамханалар тізімін жариялаған.  

Похожие материалы