
Астана. 18 қазан. 7kun.kz - Марат Сұлтанғазиев мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бүгін ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайлов жаңа басшыны комитет ұжымына таныстырды.
М.Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Экономист-қаржыгер, заңгер, әкімшілік басқару магистрі. Абай атындағы АлМУ-ін, Қазақ Заң академиясын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын Алматы қаласының салық жүйесінде бастаған. Ұзақ жылдар бойы салық саласында, Қаржы министрлігінде, Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде басшылық қызмет атқарды. Былтырдан бері Алматы қаласының кірістер департаментін басқарып келген еді.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитетін Ардақ Теңгебаев басқарған болатын.