Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды

Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа министрлікті Талғат Советбекұлы Донақов басқарады. Ал, бұл министрлік құрамындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросын Қайрат Пернешұлы Қожамжаров басқаратын болды. Екеуі де бұған дейін атқарып келген қызметінен босатылды. Министрлік жанындағы бюро міндетіне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді негізгі функциялары етіп айқындау кіреді. Бюро жаңа министрлік құрамына кіргенімен төрағасын лауазымға тағайындау мен босатуды Президент жүзеге асырады. Еске сала кетейік, бұған дейін аталған құрылым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ретінде жұмыс істеп келген еді.  

Похожие материалы