Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында заң бұзушылықтар саны 35%-ға азайды

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында заң бұзушылықтар саны 35%-ға азайды

Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қаңтар-шілде айларында 656 тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде 64,9 мың бұзушылық анықталды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Елімізде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтар 35%-ға (немесе 34,5 мың бұзушылық) азайды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұл ретте анықталған бұзушылықтар арасындағы елеулі үлесті (36,3 мың немесе 56%) қызмет алушылардан артық құжаттарды талап ету фактілері құрайды.

Сондай-ақ, 15 мың Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің бұзылуы (23,1%), құжаттардың толық пакеті болмаған кезде қызмет көрсетудің 4,4 мың фактісі (6,7%), қызмет көрсетуден негізсіз бас тартудың 2,9 мың фактісі (4,4%) және оларды ұсыну мерзімін бұзудың 2,1 мың фактісі (3,2%) анықталды.

Қазіргі уақытта Агенттіктің мемлекеттік органдарға енгізген нұсқамаларының 93,5%-ы (1410) орындалды. Әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың 234 қызметкері тартылды.

«Қалалық, аудандық деңгейдегі барлық жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету бөлімдерін қалыптастыру бойынша жұмыс аяқталды. Бұл шаралар мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жүйелік бұзушылықтарды өз бетінше анықтауға және жедел түрде жоюға мүмкіндік береді», - деді ведомствода.

Похожие материалы