Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік қызметкерлер бюрократиядан арылады – Жазықбаев

Мемлекеттік қызметкерлер бюрократиядан арылады – Жазықбаев

Нұр-Сұлтан. 3 мамыр. 7kun.kz  – ҚР Президенті Қасым-Жомар Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевты қабылдады, деп хабарлайды 7kun.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметке кіру үшін артық кедергілер мен тосқауылдарды алып тастау және одан шығу тәртібін жеңілдету, мемлекеттік қызметтің кез келген қазақстандыққа ашық болуына қатысты ұсыныстар берді. Сонымен қатар Президентке мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жұмыстары жөнінде айтты.

«Агенттік төрағасы Президентке 2022-2023 жылдары «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін жаңғырту туралы жоспарын ұсынды. Оның айтуынша, биыл сыртқы порталды құру арқылы «Е-қызмет» базасында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесі толық цифрландырылады. Ал 2023 жылы басқа да кадрлық үдерістер, атап айтқанда, ротация, тағылымдама, біліктілікті арттыру және басқа да қызметтер автоматтандырылады», – делінген жазбада.

Сондай-ақ Ведомство басшысы «Мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару орталығының» АҚ штаттық бірліктері мен бюджетін сақтай отырып, Мемлекеттік басқару академиясының құрамында HR-институтын құру туралы айтты.

Похожие материалы