Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік сатып алулар үшін тауарлардың электрондық каталогы қолданысқа енгізіледі

Мемлекеттік сатып алулар үшін тауарлардың электрондық каталогы қолданысқа енгізіледі

Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz –  Енді кәсіпкерлер мен әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу процестері кезінде техникалық ерекшеліктерді тауарлардың электрондық каталогына сәйкес құрады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Электрондық каталогтан сатып алынуы тиіс тауарлар Қаржы министрлігі бекіткен арнайы тізімге енгізілген. Тауарлар тізіміне кеңсе заттары, тұрмыстық тауарлар, дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдар, электр тауарлар кіреді. Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №52 бұйрығы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 «Көрсетілген санаттар бойынша тауарларды сататын барлық жеткізушілер мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін 1 шілдеге дейін өз өнімдерін тауарлардың электрондық каталогында тіркеу қажет. Каталогтағы барлық тауарларға бірегей – KZTIN коды беріледі, ол мемлекеттік сатып алу процесінде тауарларды сәйкестендіру үшін пайдаланылады, сонымен қатар өнім картасынан техникалық ерекшелікті автоматты түрде қалыптастыру жоспарлануда», - деді  «Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлыбек Рахметов.

Тауарларды тіркеу, KZTIN кодын беру және басқа да функциялар барлық пайдаланушылар үшін тегін.

Әзірлеушілердің пікірінше, бұл жоба әділ бәсекелестікке ықпал ете отырып, мемлекеттік сатып алуды неғұрлым ашық жүргізуге мүмкіндік береді.

Похожие материалы