Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz - 2016 жылы электронды БАҚ-тың қазақ тілді контенті 13 пайызға артты. Ал халықтың 20 пайызы қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілін меңгерген.
1991 жылы қазақ тілін меңгергендерің саны 34 пайыз болса, 2015 жылы 76,3 пайызды құрады. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 82,3 пайызды көрсетті.
Тіл үйренушілердің де үлесі 2015 жылы 22,3 пайызға артқан. Ал халықтың орыс тілді бөлігі 2015 жылы 0,6 пайызға қысқарып, 89,4 пайыз болды.
Тілдерді дамыту және қолдану мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгергендер саны 95 пайызға жетеді, ал орыс тілін қолданушылар 90 пайыз болады.
Қазақ тілінің статусы білім жүйесінде де күшейіп келеді. 2016 жылы қазақ тілді мектеп түлектері 68 пайыздан 70 пайызға артты. Қазіргі уақытта елде мемлекеттік тілдегі 3,8 мың мектеп бар. Бұл жалпы көрсеткіштің 60 пайызы. Ал 2015 жылы қазақ тілді мектептер 51 пайыз, 1991 жылы 32 пайыз болған.
2016 жылы электронды БАҚ-тың қазақ тілдің контентінің үлесі 12,7 пайызға өсіп, 84 пайызды құрады. Ал орыс тілді контенттердің үлесі 10,8 пайызға қысқарып, жыл соңында 16 пайыз болды. Алайда жалпы құрылымдағы электронды БАҚ үлесі 16 пайыз ғана. Қалған бөлігі баспа түрдегі ақпарат тарату. Ондағы қазақ тілді контенттер үлесі 50 пайыз.
2016 жылдың соңында Қазақстанда 2 мың 900 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелді. Олардың 23 пайызы мемлекеттік БАҚ. Мемлекеттік БАҚ ақпаратының 71 пайызы қазақ тілінде. 2015 жылы бұл көрсеткіш 60 пайыз болған.
Алайда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүргізген сауалнама нәтижесінде қолданушылардың көбі қазақ тіліндегі мемлекеттік БАҚ-тың танымал еместігін және ақпараттық мазмұны аз сайттар екенін айтты.
Қазақстандықтар ағылшын тілін белсенді меңгеріп жатыр. Егер 1991 жылы ағылшын тілін білетіндер саны 2 пайыз ғана болса, 2012 жылы 11,6 пайыз, ал қазіргі уақытта 23,7 пайызға жетті.
Жалпы 2016 жылды есебі бойынша елде үш тілді меңгергендер 20 пайызды құрады.
Еске салсақ, 2016 жлдан бастап ҚР білім жүйесіне үш тілді меңгеру ережесі енгізілді.
Дереккөз: ranking.kz