Алматы. 19 шілде. 7kun.kz - Mercedes-Benz жаңа X-Class моделін ұсынды. Бұл - автокомпанияның өз тарихындағы алғашқы сериялы пикап. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның мәліметінше, еуропалық нарықта модель 2017 жылдың соңында шығады. Келесі 2 жылда Mercedes-Benz X-Class Аргентина, Оңтүстік Африка, Бразилия және Австралияда сатылатын болады. Автомобильді 2016 жылдың қазанында шығарылған аттас концепт-кардық стилистикасында орындап шықты.
X-Class моделі Renault-пен бірге жасалынды. Жаңа көліктің базалық модификациясы төртцилиндрлік 2,3 литр турбодизельмен жабдықталады.
Mercedes X-Class-тың барлық түрлерінде танналық жүк көтергіш болады. Ал сүйретілгіш тізбек массасы 3,5 тонна деңгейінде болатындығы мәлімделді.
Mercedes жеңіл модельдерінің қауіпсіздік жүйесі пикапқа да енгізілді: автоматты тежелгіш, айналмалы шолу, SIM-карта салуға болатын жаңа Command мультимедиялық жүйесі.
X-Class сериясы жолсыздыққа арналған ауыр нұсқасынан "отбасылық" модификацияларға дейінгі бірнеше міндеттемелермен ұсынылады.