Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мереке күндері 3 жолаушылар пойызы іске қосылады

Мереке күндері 3 жолаушылар пойызы іске қосылады

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында республикада қосымша 3 жолаушылар пойызы іске қосылып, 250 вагон тіркелетін болады. Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы осылай хабарлады.

"Сондай-ақ демалыс және мереке күндері қосымша вагондарды тіркеу және қосымша уақытша поездарды іске қосу жүзеге асырылады. Мысалы, Тәуелсіздік күніне және Жаңа жыл қарсаңында күн сайын 250 – ге жуық вагон тіркелетін болады және Астана – Павлодар, Астана – Алматы және Алматы - Шымкент бағыттары бойынша 3 жолаушылар пойызы іске қосылады", - деді Әсет Асаубаев.

Сондай-ақ, қосымша 50 мың жолаушыны тасымалдау жоспарланып отыр.

Биылғы жылы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Қызылорда – Жезқазған  және Қарағанды – Семей  жолаушылар пойыздарының Астанаға дейін қатынауы ұзартылды. Бұл халықтың өтінішімен жасалған жұмыстың нәтижесі.

Қазіргі таңда, жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, поездар 3 сағаттан артық кешіккен кезде жолаушыларға хабарлау жүйесі құрылды. Қызметті қолдану үшін жолаушылар вокзалдар кассаларында немесе жол жүру құжаттарын ресімдеу жөніндегі www.bilet.railways.kz ресми сайтында мобильді деректерді қалдыру қажет. Поезд кешіккен жағдайда тасымалдаушының жедел бөлімшесі жолаушыны смс-хабарлама арқылы хабардар ететін болады. Ұсынылған қызмет тегін болады және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап толыққанды жұмыс істейді.

 

Похожие материалы