Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мэри Кей Эш бизнесінің ережелері

Мэри Кей Эш бизнесінің ережелері

Табысқа жету жолында адам баласына түрлі кедергілер кездеседі. Қаймықпай қарсы тұра алсаңыз болғаны. Бүгін құрған компаниясы ғана емес, өзінің де есімі брендке айналған Мери Кей Эштің мақсатына жету жолы туралы баяндамақпыз.

Мери Кей - бала кезінен бастап қиындықтың қазанына қайнап, шыныққан жан. Ол өмірдің өзі ертегі деп есептейді. Себебі тағдырдың сынағына мойымай, соңы міндетті түрде жақсылыққа деп жүретін. Балалық шағының өзі оңай өтпеді. Анасы таңертеңгі сағат 6-дан бастап кеші 9-ға дейін мейрамханада жұмыс жасайтын. Сол себепті екеуі үнемі телефон арқылы ғана тілдесетін. "Сенің қолыңнан келеді" деген сөзді көп естіді. Анасы сорпаны қалай жасау керек, картопты қалай пісіру керек, ілгекті қалай тігу керек және т.с.с барлығын телефонмен түсіндіріп беріп отыратын. Сенсеңіз, Мери Кей жеті жасында мектепгі мерекеге көйлекті өзі тігіп киген.

Дүкеннен азық-түлік аларда сатушыларға жағдайды түсіндіріп беру де оңай емес. Әкесі туберкулезден кейін түгедек болып қалған, анасы болса отбасын асырау үшін күні-түні жұмыс жасауға мәжбүр. "Маған сенбей тұрсаңыз, анаммен сөйлесіңізші", - деп кішкентай Мери мақсатына жетіп, анасының айтқанын орындағанына өзінше мәз болы үйге қайтатын. Жұмыс күндері оның сабағы бар, сабақтан соң үйде әкесі күтіп отырады. Қанша шаршаса да, ол сабақты тек қана "беске" оқу керек дейді. Іштей, өзімен-өзі күресетін. "Осы аптада алдыңғы аптадан гөрі көбірек баға алуым керек, анам маған сенім артады", - деген оймен алға жүретін.

Махаббат мәңгілік пе?...

Мектеп бітірер шақ та келіп жетті. Ол дәуреннің де аяқталатын кезі келеді. Мери үшін ең қиыны - институтқа ақшасы жоқ болғаны еді. Үнемі іштей "майданда" жүріп үйренген оған түк бітірмей жүру өте таңсық. Енді амал қанша, бос жүргеннен тұрмыс құрғаны дұрыс деген оймен, 17 жасында отбасын құрады. Жолдасы - сол кездегі өз арасында танымал тұлға, рок-музыкант Бен Роджерс. Бәрі жақсы жүріп жатқан еді. Оолардың екі ұлы бір қызы бар. Бірақ Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, отбасы бақытын шайқалтты. Егер соғыс болмағанда бүгінде бренд косметика да болмаушы еді. Бен соғыстан келген бойда махаббатының өшкенін, ажырасуды қалайтынын жеткізеді. Мектепте үздік оқыған, өмір ерте есейткен, үш баланың анасы және бастысы ақылына көркі сай Мери үшін күйеуінің бұл айтқаны төбеден түскен жаймен тең әсер етті. Үнемі жеңіске қол жеткізіп үйренген Мери үшін бұл жағдайды қабылдау қиынға соқты. Тіпті үш баласын құшақтап, өмір осымен бітті-ау деген ой да бірнеше рет мазалаған.

Көбірек жұмыс жасау керек...

Бала өскен сайын қажеттіліктер де көбейеді. Жоғары білім жоқ, үш баласы бар әйелді жұмысқа кім алсын? Сол себепті Мери әрі отбасына қарап, әрі жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жұмыстар жасайтын. Таң атпай тұрып, түнге қарай бір ұйықтайтын. Бірақ ақша адамға жеткізген бе? Шама келсе, ұйықтамауға тырысатын. Бірақ ол мүмкін емес, адам болған соң шаршайсың, ұйықтағың келеді. Бір ғажайып болады дегенді ана болса да ұмытқан емес. Бір жақсылықтың боларын сезіп жүргенде күндердің күнінде бір әйел оған кітап сатып алуды ұсынады. "Кітап алшы дейсіз бе? Қайдағы кітап? Балаларыма жеткізе алмай жүргенде адамды мазақ қыласыз ба?" "Жақсы, жарайды. Сіз бүгін тегін алыңыз, ақысына бір аптада осындай 10 кітап сатып беремін деп уәде етіңіз "."Бұдан оңайы бар ма?" Мектепте қайырымдылық билеттерін сатудан алдына жан салмайтын. Сол себепті тікелей саудамен айналысу оған қиындыққа соқпады. 10 кітапты ол бір жарым күнде сатып тастап, тағы сұрайды. Жұмыс кестесі ыңғайлы, жалақысы да жақсы, мансап жолында көтерілуге де мүмкіндік бар еді. Алдымен ол Stanley Home Products компаниясында, кейін1959 жылы World Gift-ке ауысады. Бірақ табысым бұдан да жоғары болу керек оймен, көбірек жұмыс жасауға тырысатын.

Армандар орындалады

6NQIACJkz2o

Ол жиырма жылдай тікелей сауда саласында еңбек етті. Қызметкерлер даярлайтын директор да болды. Сол уақыт ішінде балалары да ер жетіп, екінші рет тұрмысқа да шыққан еді. Көкжиекте тіпті зейнеткерлік жасы да күтіп тұрған. Оның ең қорқатыны да осы еді - зейнеткерліктен қорқатын. Мектеп бітірген сәттегідей жарысатын ешкім жоқ болып, бітірертін ісім болмай қалады деген үрейі бар еді.

Бір күні Мери отырып алып арман еткен компаниясы туралы жазып бастайды. Ол жерде жұмыс кестесі ыңғайлы, отбасына қарай отырып табыс табуға болатын еді. Кейін ондай компанияны біреудің ашқанын күтпестен, өзі ашуға бел буады. Бірде ол өзінің танысын көріп қалып, оның әлі 20 жасар қыздай түрін көріп таң қалған. Барлығы құпиясын сұрағанымен, ешкімге айтпайтын. Бірақ Мери адамды көндіріп, іші-бауырына кіріп кететін қасиетін пайдаланып біліп алады. Ақыры сол қыздың жақпа май пайдаланыты белгілі болады. Жасау тәсілін үйреніп алған Мери кейін сол кремді өзінің де косметикасының қатарына қосып алады. 1963 жылы Мери қаражатын жиып, 5 мың долларға кремді дайындау әдісін сатып алады. 550 фунтқа жерды жалға алып, күйеуімен бірге крем банкаларына Mаry Kаy Cosmetics этикеткаларын жабыстырып бастап кетеді.

"Отбасылы әйелдер үшін ыңғайлы жұмыс ұсынатын компания ашу арманым еді. Баласы бар әйел жұмыс деп жүріп, үйін ұмытып кетпеуі керек" ("Savvy",1985 жыл, шілде)

Компанияның ресми түрде ашылуына бір ай қалған еді. Оқыстан күйеуі инфаркт алып, өмірден озады.

Қаржылық қиындықтар көбейеді. Адвокаттар, қаржы директорлары "Банкрот боласың. Болды, бітті!" — дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Аэродинамика заңы бойынша, ара ұша алмауы керек. Бірақ, ол ұшады. Ұша алады. Меридің ойынша да, адам мүмкіндіктерін толық пайдалануға тырысса, қолынан келмейтіні жоқ.

Мери үш баласымен бірлесе отырып жұмыс істеді. Бизнес үшін бұрын-соңды болмаған стратегия құрды. Яғни, алдымен пайдаланып көп, содан соң сатып ал деген ой ұсынды. Кеңесші-әйелдер тұтынушыға өнімді бірінші ұсынады. Тегін беріп, сонымен бірге қалай қолдану керектігін де түсіндіреді. Мери үнемі жарыса жұмыс істегенді жөн көреді. Мықты мамандарға сыйлықтар беріп, ынталандыратын.

1966 жылы Мери Кей тағы да тұрмыс құрады. Күйеуі - бизнесмен, Мэл Эш. Екеуі таныстық қызметі арқылы танысқан деседі. Төрт жылдан кейін компанияның жылдық табысы миллиондаған доллардан асып, қызметкерлері саны жүзге жетіп қалады. Әлем бойынша Mary Kay филиалдары ашыла бастайды. 1984 жылы жылдық сатылым көлемі 300 млн доллар жетеді, Ал бір жылдан кейін компания "Американың 100 үздік компаниясы" қатарына енгізіледі.

g8JIpDBDAYI

Мери Кей Эш бизнесінің ережелері

  • Менің компаниям табыс пен шығын үшін емес, адам мен махаббат үшін құрылған.
  • Әуелі Құдай, кейін отбасы, содан соң барып карьера.
  • Есть три способа завоевать мир — телефон, телеграф и рассказ женщины.
  • Егер күндердің күнінде көпшілік менің қолымды алуға кезек тұратын болса, мен барлығына жеке-деке қол беріп шығамын деп шештім. Қанша шаршасам да, солай етемін!
  • Көптеген менеджерлер кездескен қиындықтарын тезірек ұмытуға тырысады, мен болсам оларды есте сақтаймын.
  • Кешегі күнгі газетті лақтырғандай, қызметкерді көшеде қалдыра алмаймын.
  • Қызметкерлері керемет болса ғана, компания да керемет бола алады.
  • Жақсы басшы тыңдай біледі. Екі құлақ пен бір ауызды босқа бермеген болар?!
  • Мен адамды сынамас бұрын, мақтау сөз естіртемін.
  • Бұл өмірде ұсақ болсын, ірі болсын шаруаларының барлығы реттеген адам ғана табысқа жете алады.
  • Мен әр күнді таза парақтан бастаймын.
  • Мен жұмыс бөлмемнің есігі әрдайым ашық. Қалаған адам кіре алады.  Қызметкерлерімнің көпшілігі мені анасындай көреді.
  • Менің ойымша, отбасындағы мәселелердің маңызы жұмыстан әлдеқайда жоғары.
  • Бізге жақындағанның барлығы біздің жылуымызды сезінуі керек деп ойлаймын.
  • Көшбасшының негізі - ойда емес, жүректе. Сіз адамдарды жақсы көргенмен, көшбасшы болмауыңыз мүмкін. Бірақ көшбасшы бола тұра, адамдарды жақсы көрмеу мүмкін емес.
  • Қолдан келетін іске ғана уәде ет.

Похожие материалы