Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Merrill Lynch биткоинмен жұмыс істеуге тыйым салды

Merrill Lynch биткоинмен жұмыс істеуге тыйым салды

Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz – Merrill Lynch инвестициялық банкі өздерінің атынан мәміле жасайтын клиенттер мен қаржылық кеңесшілердің осындай инвестициялардың жөнділігі туралы күмәнданғандықтан, биткоин сатып алуға және сатуға арналған құралдарға қол жетімділігін блоктады, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Бұған дейін Америка Банкінің мүшесі болған Merrill Lynch тұтынушыларға биткоин фьючерстеріне қол жеткізізуінен бас тартқан. Енді қаржы кеңесшілеріне биткоинге (Bitcoin Investment Trust) инвестициялауға арналған Grayscale бағалы қағаздарымен мәміле жасауға тыйым салынған. Инвестициялық банктер арасында Merrill Lynch өзге банктерден өзгеше емес.  Себебі  америкалық UBS-тың брокерлік бөлімі биткоиндер мен соған ұқсас инвестициялық өнімдерге тыйым салған. JPMorgan Chase & Co., Citigroup Inc., Royal Bank of Canada және басқа да бірқатар банктер клиенттерге 10 желтоқсанда сауда-саттық бастауында алғашқы биткоин фьючерстеріне қол жеткіздіре алмайтындығын хабарлады.

Bloomberg агенттігінің мәліметі бойынша, биткоин 2017 жылы АҚШ долларына қатысты 1403 пайызға өсті, ал Доу Джонс виртуалды валютаның 1375 пайызға өсуін бағалады. Бейсенбіде биткоин фьючерстері 3,1 пайызға төмендеп, 14,575 доллар болды.

Похожие материалы