Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Металлургиядағы дағдарыс - халықаралық деңгейдегі құбылыс

Металлургиядағы дағдарыс - халықаралық деңгейдегі құбылыс

Металлургия саласының дағдарыс - халықаралық деңгейде аяқталмай отырған құбылыс. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында журналистердiң сұрағына жауап бере отырып, Тау-кен және тау-металлургия кәсiпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовцев айтып бердi.

"Металлургия саласында көңiл көншiтетiн болжам көрiнбей отыр. 2014 жылы осы салада төменге құлдилаған баға 2015 жылы өседi деп болжанған едi.  Бiрақ, шын мәнiнде  металлургия саласындағы дағдарыс Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде орын алып отырған құбылыс. Бүкiл жерде баға түсiп жатыр, халықаралық сарапшылардың болжауынша, қалай болғанда да 2015-2017 жылдары қуантарлық өзгерiс бола қоймайды",-деген ол бұл ретте Үкiметтiң қолдауы аса қажет екенiн атап өттi. "Егер бiз қазiр қорларды пайдаланбасақ, Үкiметтен қолдау таппасақ,  бiрқатар өндiрiстер мүлде бәсекеге қабiлетсiз болып қалады. Себебi, мысалы, қазiрдiң өзiнде жентектiң бағасы өз құнынан арзанға сатылып жатыр. Оны апарып Қытайға  тасымалдай алмайтынымыз анық. Сондықтан, бағаны түсiруге мәжбүрмiз. Бағаны түсiру - бүкiл құрамдас өнiмнiң бағасын түсiру деген сөз және сiздерге бiрден айтайын, бұл - өте ұзақ әрi қиын үдеріс. Әлемдiк экономика  цикл бойынша дамиды, сондықтан бiз дағдарыстан шығатынымызға сенемiн. Бiрақ, бұл салада шамамен 2018-2019 жылдары өрлеу байқалады деген ойдамын",-деп түсiндiрдi Н.Радостовцев. ҚазАқпарат

Похожие материалы