Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz - Енді mGov қосымшасы арқылы "Электрондық үкімет" порталының тағы да 12 мемлекеттік қызметін пайдалануға болады. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қызметті ЭЦҚ арқылы (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе бір реттік SMS-пароль арқылы алуға болады (ол үшін мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет). Ал мобильді қосымшаны пайдаланатын қазақстандықтарға mGov-ты жаңарту қажет.
Мобильді қосымша арқылы қолжетімді:
- наркологиялық диспансерден анықтама;
- психоневрологиялық диспансерден анықтама;
- туберкулезге қарсы диспансерден анықтамалар;
- неке қию туралы куәлікті қайта алуға өтініш беру;
- әкелікті анықтау туралы куәлікті қайта алуға өтініш беру;
- атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайта алуға өтінім беру;
- некені бұзу туралы куәлікті қайта беру;
- Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
- жүргізуші куәлігін алу;
- Е-Биржа (электрондық еңбек биржасы);
- мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасын беру (тек Android үшін);
- адамның Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша мәліметтер беру (тек Android үшін).
MGov мобильдік қосымшасы арқылы 62 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Мобильді қосымша 1,38 млн рет жүктелген, ал көрсетілген қызметтер саны 3,66 миллионнан асты.