Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Microsoft компаниясы жаңа зертханасын ашты

Microsoft компаниясы жаңа зертханасын ашты

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz -  Microsoft-тың американдық корпорациясы жаңа Microsoft Research AI зертханасын ашқандығы туралы хабарлады. Бұл туралы abctv.kz хабарлады.

Онда жасанды интеллект технологияларын дайындаумен айналысатын болады.

Зертхана Редмонд қаласындағы компанияның штаб-пәтерінде орналасады. Зерттеу орталығы 100-ден астам ғалымдар мен инженерлерді қызмет жасауға шақыруды жоспарлап отыр. Зерттеу саласы жасанды интеллект технологиялары, соның ішінде, бейне мен дыбыс тану алгоритмдерін дайындаумен айналысады.

Сонымен қатар, зертхана Массачусетс технологиялық институтының ми зерттеу және когнитивтік ғылымдар орталығымен серіктес болады.

Еске салсақ, 2016 жылы Microsoft, Google, Facebook, IBM және Amazon сынды 5 технологиялық компаниялар серіктестік туралы келісімге қол қойды. 2017 жылдың қаңтарында келісімге Apple қосылды. Ол бойынша, компаниялар осы бағыттағы зерттеулерді қолдауға және жасанды интеллект технологияларын дайындауда стандарттар қалыптастыруға міндеттеледі.

Похожие материалы