Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Microsoft жасанды интеллекттің болашағы туралы тегін кітап шығарды

Microsoft жасанды интеллекттің болашағы туралы тегін кітап шығарды

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – Microsoft компаниясы болашақ қоғамдағы жасанды интеллекттің рөлі туралы «The Future Computed: Artificial Intelligence and its role in society» атты ағылшын тіліндегі өз қызметкерлерінің кітабын жариялайды. Бұл туралы компанияның блогында айтылды.

Кітапқа кіріспені Microsoft-тың бас заңгері Брэд Смит (Brad Smith) пен жасанды интелектті зерттеу бойынша компанияның вице-президенті Гарри Шам (Harry Shum) жазған. Ал кітаптың негізгі бөлімдерін, компанияның басқа қызметкерлері дайындаған.

Кітаптың мазмұны - жасанды интеллект пен жаңа білім беру әдісінің дамуы, 2038 жылға қарай қоғамның өмірін қалай өзгертетіні жайлы ой салады.

Кітаптың авторлары жұмыс орындарына автоматтандырудың әсер етуін зерттеген. Жасанды интеллектті құрастырушылармен  мемлекеттің және жалпы қоғамның ынтымақтастығы қажет екендігін жазған. Сондай-ақ, жасанды интелекттің кең таралуынан туындауы мүмкін этикалық және басқа да мәселелер жайы да қозғалған.

Авторлардың пікірінше, жасанды интеллектің дамуы, бәрінен бұрын мемлекет үшін ұтымды. Себебі мемлекет — болып жатқан өзгерістерді тоқтатуға емес, оған тез бейімделуге  мүмкіндік алады.

Сондай-ақ осы өзгерістерді менгеріп бейімделу үшін, адамзатқа қатаң этикалық қағидалар мен жаңа заңнамалар қажет болады. Сонымен қатар, жасанды интеллектті жасау құралы мүмкіндігінше қол жетімді болуы керек деп зерттеушілер қорытынды жасайды.

Microsoft қызметкерлерінің тағы бір негізгі тұжырымдарының бірі — жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың жасанды интеллекттің дамуы негізінде бір-біріне жақындауы. Ашып жазсақ, жасанды интеллект "адамға ұқсайтын" әрі қолжетімді болады, инженерлерге этика, философия, психология сияқты гуманитарлық ғылымдардың білімі қажет болады. Ал гуманитарларға керісінше, жаратылыстану ғылымдарының салаларынан хабардар болуды қажет етеді.

Қазіргі уақытта кітап тек ағылшын тілінде қолжетімді.

Қания Табыс

Похожие материалы