Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Михаил Ломтадзе «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Михаил Ломтадзе «Халық алғысы» медалімен марапатталды

23 маусым күні «Biz Birgemiz» онлайн-форумы аясында Қазақстан Президенті тағайындаған «Халық алғысы» медалімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 

«Ауызбіршілік, сабырлық, жанашырлық - біздің халықтың дәстүрлі құндылығы, - деді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Форумның ашылуында, - Дәл осы құндылықтар бізге отанымыздың тарихындағы ең қиын сынақтарды еңсеруге көмектесті. Ортақ қиыншылықтардың алдында біздің ынтымағымыз күшейе түседі. «Біз біргеміз» – біздің қоғамның жаңа ұраны. Күн сайын біз бүкіл елде медицина қызметкерлері, полиция, еріктілер мен қайырымды жандар  жасаған ерліктің куәсі болып жүрміз. Бүгін менің алғысым ең алдымен сіздерге арналады!».

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев марапатты Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзеге табыс етті. 

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді: 

«Бұл марапат - біздің сүйікті клиенттерімізге төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлемді алуға қажет Kaspi Gold шотын қашықтан ашу үшін күні-түні жұмыс істеген Kaspi.kz-тің әр қызметкерінің, барлық серіктестер мен әріптестердің еңбегі. Ұлттық банк пен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі және Азаматтарға арналған Үкіметтегі әріптестерімізге жұмыс кезіндегі жедел көмектері үшін рахмет. Нәтижесінде қазақстандықтар коронвирусты жұқтыру қаупінен қорғана отырып, бөлімшеге келмей-ақ Kaspi.kz қосымшасы арқылы 4.4 миллион төлем аударымын алды. 

Біздің команда Президент жанындағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қолдауымен және әкімшіліктердің жанындағы Жедел штабтармен, серіктестермен және жеткізу қызметтерімен бірге 500 000 қазақстандық отбасына үйден шықпастан, қауіпсіз, онлайн зат сатып алуға бар күшін салды. Біздің командамыз бен сүйікті клиенттеріміздің атынан бүкіл ел аумағына, әрбір қалаға онлайн зат сатып алу мен жеткізуді ұйымдастыруға көмектескен әрбір адамға алғыс айтамын».

Kaspi.kz - тің негізін салушылар Михаил Ломтадзе мен Вячеслав Ким сонымен қатар COVID 19 анықтауға арналған 100 000 тестті сатып алып, зертханаға тегін берді. 

«Халық алғысы» медалін қиын кезеңде ел өмірінің қалыпты болуына үлкен үлес қосқан 343 қазақстандық алды. Олар дәрігерлер, полиция мен әскерилер, мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері, еріктілер мен меценаттар. 

Похожие материалы