Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Михаил Ломтадзе Kaspi-дегі соңғы өзгерістер туралы хабарлады

Михаил Ломтадзе Kaspi-дегі соңғы өзгерістер туралы  хабарлады

Алматы. 16 қараша. 7kun.kz - Kaspi-дің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе бүгін Kaspi.kz-тің  Facebook-тегі парақшасы  арқылы хат жолдап, банктегі өзгерістер туралы хабарлады.

7kun.kz хаттан үзінді жариялайды.

Kaspi.kz көптеген қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. 2,6 миллионнан астам сүйікті клиенттеріміз бір жыл бұрын іске қосқан біздің ерекше қосымшамыздың қызметтерін қолданады.

Kaspi.kz – ұялы телефондағы біздің иконкамыздың аясына комиссиясыз төлем, жеке қаражатты онлайн басқару, жылдам ақша аударымы, елдегі ең ірі интернет-магазин, тиімді Kaspi Бонус бағдарламасы  сынды танымал қызметтерді жинаған әлемдегі жалғыз мобильді қосымша. Және біздің клиенттеріміз жақсы көріп үлгерген Бөліп төлеушілердің Клубы Kaspi Red, ең үздік карта Kaspi Gold пен біздің бөлімшелеріміз бен кез-келген банктің банкоматы, кез-келген Kaspi Терминал мен Kaspi-дің серіктес-дүкендерін жылдам, жеңіл табуға мүмкіндік беретін  ерекше қызмет Kaspi Mapsті де айта кетпеуге болмайды. Ал біздің  Kaspi Гид кез-келген сұраққа жауап беруге дайын.

Алдағы уақытта Kaspi.kz мобильді қосымшасында жаңа қызметтер: Kaspi QR арқылы қаржы аудару, Kaspi Депозит, Kaspi Gold-ты, қолма-қол кредитті санаулы минутта онлайн рәсімдеу іске қосылады.

Біз банктен де жоғарымыз. Kaspi.kz – басты ұстанымы сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық қызметтер жасауға негізделген жоғары технологиялық компания. Жақында біз 2019 жылы халықаралық нарыққа шығып, Лондон қор биржасында IPO өткізетініміз туралы жоспарымызбен бөлістік. Бұл Kaspi-дің жаңа даму кезеңі және біз бүкіл әлемге Kaspi.kz туралы айтып, Қазақстанды әлемнің инновация картасына қосуға сенімдіміз.

IPO-ға Kaspi Bank, Kaspi Магазин, Kaspi-дің барлық қызметтері мен өнімдерін басқаратын Kaspi.kz компаниясы шығады.

Михаил Ломтадзе сондай-ақ осыған байланысты Kaspi.kz пен банк басшылығында өзгеріс болғанын хабарлады.

Ол сондай-ақ әрбір клиентке алғыс айтып, олардың қолдауының арқасында инновациялық қызметтер жасауға шабыт алып,  тұрақты дамитынын жеткізген.  Және бүгін басталған Kaspi Жұма бүкілхалықтық онлайн сатып алу мерекесінде тиімді жағдайда зат сатып алуды тілеген.

Похожие материалы