Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz — Микроқаржылық компаниялардың шығындары бір жыл ішінде 37,9%-ға өсіп, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 54,1 млрд теңгеге жетті. Мұндай деректерді ranking.kz ұсынды.
Сонымен қатар, МҚҰ табысы ұқсас кезеңде 35,8%-ға артып, 74,4 млрд теңгені құрады.
Пайданың басым бөлігі сыйақы алумен байланысты кірістерге тиесілі, олар бір жыл ішінде үштен бірге - 64,3 млрд теңгеге дейін өсті. Операциялар бойынша ықтимал шығындар резервтерін қалпына келтіруден түсетін кірістер жылына 2,3 есе өсіп, 2,9 млрд теңгені құрады. Сыйақы алумен байланысты емес банктік және өзге де қызметті жүзеге асырудан түскен кірістер 0,3%-ға, 729 млн теңгеге дейін қысқарды. Басқа да кірістер жыл ішінде 46,3%-ға, 6,4 млрд теңгеге дейін өсті.
Шығыстар құрылымында жартысынан көбі сыйақы төлеуге байланысты: 22,6 млрд теңге, жыл ішінде өсім — 38,7%. Операциялық шығындар көлемі 15,5 млрд теңгені құрады, бір жыл ішінде 29,2%-ға өсті. Операциялар бойынша ықтимал шығындарға резервтерді құру бойынша шығыстар 6,6 млрд теңгені құрады — 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 70,6%-ға артық. Басқа да шығындар бір жыл ішінде 32,7%-ға, 9,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
ҚР МҚҰ таза табысы корпоративтік салық төлегеннен кейін бір жыл ішінде 36,8%-ға өсті және 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 17,6 млрд теңгеге жетті.
Бұл ретте корпоративтік табыс салығының көлемі осы кезеңде 0,3%-ға ғана өсіп, 2,6 млрд теңгені құрады