Миландағы EXPO-2015 көрмесінде қазақстандық павильонды құру үшін 17 млн еуро жұмсалды. Бұл туралы орталық коммуникациялар брифингінде "Милан ЭКСПО-2015" Әлемдік көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиисары Әнуарбек Мусин мәлімдеді.
"Павильонымыздың жалпы бюджеті 17 млн еуродан сәл жоғары. Осы қаржыға салынған павильонның сапасына өте қуаныштымыз"-деді ол.А.Мусинның атап өтуінше, Қазақстан тіпті ең жоғары сападағы ең арзан павильон конкурсына да қатыса алады. "Қазақстан EXPO-Миланға қатысуын 2012 жылы нақтылады. Жұмыс соңғы 3 жыл бойы жүргізілді", - деп түсіндірді ол.
Қазақстандық павильонда 150-ге жуық адам 3 ауысыммен жұмыс істейді. Әр күн сайын Қазақстанның мәдени бағдарламасында 40 минуттан 10 блок өткізетін әртістер тобы бар. Орта есеппен қазақстандық павильонға күніне 4,5-5 мың адам келеді.