![Миллиардер Уоррен Баффет iPhone 11 сатып алды](/uploads/posts/1718888173_ZrFvbyypDQ7ENdU9qd-TzMa5HeIppNsw/image/post7.jpeg)
Әйгілі инвестор, миллиардер, Apple акцияларының иесі Уоррен Баффет ескі 20 долларлық Samsung-ін iPhone 11-ге ауыстырды.
Бұл туралы Баффет cnbc тілшісіне берген сұхбатында айтқан. Бұған дейін ұзақ жылдар бойы миллиардер 2010 жылы шыққан, өте қарапайым Samsung SCH-U320 телефонын қолданып келген.
Баффеттің айтуынша ол iPhone-ды тек қоңырау қабылдау үшін ғана пайдаланады. Ал басқа жұмыстар үшін
iPad-ты пайдаланады екен.
Айта кетейік, Баффеттің Berkshire Hathaway инвестициялық компаниясы Apple-дің құны 72 миллиард долларлық 5,5% акциясының иесі.