Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Министр: 2017 жылы өңделген экспорт көлемі 1,5 есеге артып, 2,4 млрд долларды құрады

Министр: 2017 жылы өңделген экспорт көлемі 1,5 есеге артып, 2,4 млрд долларды құрады
Алматы. 23 қазан. 7kun.kz - Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Ақтөбе облысының металлургтары және құрылысшыларымен кездесуде айтты деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.  Министрдің тау-кен компания өкілдерімен кездесуінде Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау бойынша Үкіметтің алдағы жұмыстарының негізгі бағыттары талқыланды. Кездесуде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ERG компаниясының басқарма төрағасы Серік Шахажанов, «Восход» кәсіподан компаниялар тобының төрайымы Әсел Темірқұлова және тағы басқалар сөз сөйледі. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Жолдаудың негізгі мақсаты барша қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту. «Министрлік Мемлекет басшысының Жолдауындағы мемлекеттік 2 негізгі басымдықты іске асырады.  Бұл қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын  жақсарту және экспортқа бағдарланған индустрияландыру саласы. Өңделген экспорт көлемі бойынша Ақтөбе облысы көшбасшылардың қатарына жатады. 2017 жылы өңделген экспорт көлемі 1,5 есеге артып, 2,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Мысалы, өткен жылы «Казхром» ЖШС өз өнімдерін шет елдерге және көрші елдерге 2 млрд. АҚШ долларына экспорттады.«АРБЗ» ЖШС көрші елдерге 9 млн. АҚШ долларынан астам соманың өнімін экспорттады (Өзбекстан, Түркіменстан және Әзірбайжан). Бұрын бұл өнімдер Орталық Азияда шығарылмаған», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. Сондай-ақ, министр Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында экспортқа бағытталған кәсіпорындарға кешенді қаржылық және басқа да қолдау шаралары кеңейтілетінін айтты.

Похожие материалы