Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Министр: 2025 жылға қарай еңбекке қабілетті қазақстандық жастардың саны 2,8 млн-ға жетеді

Министр: 2025 жылға қарай еңбекке қабілетті қазақстандық жастардың саны 2,8 млн-ға жетеді
Алматы. 22 қазан. 7kun.kz - Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Инвестиция - Жастарға» атты халықаралық конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді деп хабарлайды министрлің баспасөз қызметі. 

Конференцияда сөз сөйлеген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялау туралы бастамасына ерекше назар аударды.  Сондай-ақ, жастардың барлық санаттарын қолдау үшін істелетін шаралар кешенін қамтитын әлеуметтік лифтілердің кең платформасын құру қажеттігін атап өтті.

"Біз, 2025 жылға қарай еңбекке қабілетті жастардың қатары 446 мыңға артып, жалпы олардың саны 2,8 млн. адам болады деп болжап отырмыз. Сол себепті 2025 жылға қарай Қазақстандағы еңбек нарығына 2 миллионнан астам жастар келеді деген жорамалымыз бар. Бұл орта есеппен жылына 250 мың адамды құрайды. Осыған байланысты біздің басты міндетіміз – жастарға қажетті дағдыларды үйретіп, жұмысқа дайындауға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге немесе өз бизнесін бастауға жәрдемдесу",-деді министр.

2018 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған жастардың саны 2,1 млн. адам болды. Олардың 1,5 млн.-ы жалдамалы жұмысшылар, ал 456 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Жастардың білім деңгейінде өсім бар. Олардың 36%-ы жоғарғы білім, 39%-ы орта білім, 25%-ы негізгі, жалпы және алғашқы білім алғандар.

Министр Әбілқасымова жастармен жұмыс істеудің негізгі бағыттары туралы да әңгімеледі. «Мемлекет басшысының бастамасы бойынша өткен жылы «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасы іске қосылды, соның көмегімен аталған білім алу бағытына жыл сайын мемлекеттік тапсырысқа қосымша 21 000 білім гранты бөлініп келеді», - деді М.Әбілқасымова.

Похожие материалы