Нұр-Сұлтан. 26 шілде. 7kun.kz – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қазір елде қант бағасы қанша болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Министрдің айутынша, қант құрағы шамамен екі есе, 476 долларға дейін қымбаттаған. Логистика шығындары да 2,6 есе, 110 доллардан 290 долларға дейін өскен.
«Бүгінгі таңда зауыттар 1 келі қантты 450 теңгеге сатады. Бұл ретте көтерме және бөлшек сауда сатушылары қосатын 15% үстеме бағаны ескерсек, қанттың ең төмен бағасы шамамен бір келісі 595-600 теңге болуы тиіс», - деді Қарашөкеев.
Сондай-ақ кейбір өңірлерде қант төмен бағамен сатылған. №Олардың ішінде Павлодар облысы тұрақтандыру қоры қантты 448 теңгеге сатып алып, 416 теңгеге, ал Қызылорда облысы 450 теңгеге сатып алып, 370 теңгеден сатқан. Алматы облысы қантты 276 тг/кг, Ақтөбе облысы 363 тг/кг, Маңғыстау облысы 400 тг/кг сатқан.
Министр қант бағасын төмен бағамен сату дүрбелең мен үлкен сұранысқа алып келіп жатқандығын атап өтті.